Оқушылардың ойлау дағдыларын дамытудағы математикалық сауаттылықтың рөлі

Автор: 
  • ӘЗІМХАН Әсем - Сулеймен Демирель атындағы университеті «Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің магистранты. Алматы/ Қазақстан. e-mail: asemka_azimhan@mail.ru
doi: 
DOI: 10.47751/skspu-1937-0042

Аңдатпа

Бұл мақалада математикалық сауаттылықтың мектеп оқушыларының ойлау қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытудағы рөлі қарастырылған. Отандық және шет елдік мақалаларға талдаулар жасау барысында математикалық сауаттылық ұғымының кең көлемде анықтамасы берілді. Мектеп оқушыларының ойлау дағдыларын қалыптастыру барысында математикалық есептер, тұжырымдар, талдаулар сәйкесінше ойлау дағдыларын (аналитикалық, сыни, шығармашылық, логикалық) қалыптастырудағы маңызы жеке-жеке қарастырылады. Сонымен қатар, еліміздегі мектеп оқушыларының математикалық сауаттылық ұғымын қаншалықты жетік меңгергендігіне зерттеу жасалды. Бұл нәтиже үшін халықаралық оқушылардың жетістіктерін бағалау бағдарламасы – PISA бағдарламасы бойынша оқушылардың математикалық сауаттылық бағыты бойынша  нәтижелеріне зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде елімізде математикалық сауаттылық ұғымының әліде кең таралмағандығы, Қазақстандық оқушылардың деңгейінің салыстырмалы түрде төмен екендігі, оқушылардың санасында математика тек арнайы заңдылықпен, формулалармен, арифметикалық амалдармен ассосацияланатындығы анықталды. Аталған мәселелерді ой елегіне сала отырып, мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Математикалық сауаттылықты оқушылардың санасына бекітудің жаңа әдіс-тәсілдері, әлемдік деңгейдегі тиімді тәсілдер қарастырылды. Орта білім беру жүйесіне математикалық сауаттылық ұғымын қалыптастырудың жаңа әдіс-тәсілдері талқыланды. Ғылыми зерттеулер нәтижесі арнаулы оқу орындарында, мектеп қабырғасында және білім беретін математика пәні мұғалімдеріне пайдалы, сонымен қатар көмекші құрал болуы мүмкін.

Кілт сөздер: математикалық сауаттылық, PISA, ойлау дағдылары, ЖДОД, мектеп оқушылары.