Редакциялық саясат

"ОҚМПУ хабаршысы" журналының редакциясы (бұдан әрі – журнал) өз қызметінде кәсібилік, объективтілік, ғылымилық, бейтараптылық принциптерін басшылыққа алады. Олар ғылыми басылымды дайындауға және ғылыми-зерттеу нәтижелерін таратуға қатысты этикалық міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады.

Редакцияның авторлармен өзара байланысы ашықтық, адалдық, сыпайылық, әділдік және объективтілік қағидаттарына негізделеді.

Қолжазбалар жарияланымға дайындау процедурасынан өткізіледі. Бұл ретте авторлық құқық Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен нормативтеріне сәйкес сақталады.

Журналға қабылданған ғылыми мақалалар бағыты бойынша сарапшы ғалымдар тарапынан міндетті түрде қосарланған «жасырын» рецензиялаудан өтеді.

Редакцияның мақала авторларымен және рецензенттермен байланысы OJS электрондық платформасы арқылы онлайн режимде және қажет болған жағдайда электрондық пошта  арқылы жүзеге асырылады.

Ғылыми басылым ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізу үшін қойылатын талаптарға (http://adilet.zan.kz/) сәйкес шығарылады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибенің ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып және Elsiever баспасы әзірлеген ғылыми жарияланымдар этикасы Кодексінің ережелері аясында тиісті талаптарды сақтайды https://www.elsevier.com/about /policies/ publishing-ethics.

Қолжазбаны жариялау шарттары

«ОҚМПУ хабаршысы» автор (авторлар) бұрын жарияламаған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қатаң түрде қолжазба талаптарына сәйкес рәсімделген мақалалар қабылданады.

Ғылыми мақаланың қолжазбасын автор-корреспондент редакция алқасына журналдың келесі саны шыққанға дейін кемінде екі ай бұрын ұсынады. Журналға жариялау үшін кемінде 10 беттен төмен болмайтын қолжазбалар қабылданады.

Автор қолжазбаны электронды платформа арқылы барлық метадеректер мен оның авторларын көрсете отырып жіберуі тиіс.

Авторлар редакцияға бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған (баспа, электронды және басқа ашық көздерде) мақаланың түпнұсқасын ұсынуы қажет. Авторлар зерттеу нәтижелерінің нақтылығы, жаңалығы және дәлелдемесі үшін жауап береді. Қолжазбаны редакциялау кезінде немесе «ОҚМПУ хабаршысы» журналының рецензенттері тарапынан сарапталуы кезінде, сондай-ақ мақала жарияланғаннан кейін авторлар бұл қолжазбасын басқа басылымға жариялауға ұсына алмайды.

Мәтіндерді көшіру және плагиат

      Плагиақа ғылыми мақалаларды тексеруді «Ғылыми басылымдар» бөлімінің қызметкері «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жазбаша жұмыстарды плагиатқа тексеру ережесіне сәйкес жүргізеді. Ғылыми мақалаларды тексеру лицензияланған плагиатқа тексеру жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну керек.

Журналға жариялау үшін ұсынылған ғылыми мақалалар мәтінінің түпнұсқалығы кем дегенде 75% құрауы тиіс. Түпнұсқалық нормаға сәйкес келмеген жағдайда мақала қайтарылады. Плагиат 25%-дан кем нәтиже көрсеткен, журналдың профиліне және басылымға қойылатын талаптарға сәйкес келетін мақала қарауға қабылданады және рецензиялауға жіберіледі.

Мақаланы рецензиялаудың түрі мен тәртібі

Журналдың редакциясына жіберілген барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде жасырын тексеруден өтеді (рецензент қолжазбаның авторларын білмейді, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді).

Мақалаларға пікір беруді рецензенттер – ішкі және сыртқы/шетелдік ЖОО-дың тиісті білім және ғылым саласындағы жетекші сарапшылары жүзеге асырады. Мақаланы сараптау үшін нақты рецензентті таңдау туралы шешімді редакторлар қабылдайды. Қарау мерзімі – 2-4 апта, бірақ рецензенттің өтініші бойынша оны ұзартуға болады.

Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдауға әсер ететін айқын мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда сараптаудан бас тартуға құқылы. Рецензент қолжазбаны қарау нәтижелері бойынша өз ұсыныстарын береді:

  1. «Мақаланы қабылдау»- егер қолжазбада түсініктемелер болмаса, ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен ерекшелігінің талаптарына жауап берген жағдайда қолжазба журналға ұсынылатын жарияланымдар тізіміне енгізіледі;
  2. «Мақала қосымша өңдеуді талап етеді» - бұл жағдайда мақала авторларға ескертулерді жою үшін жіберіледі. Рецензенттің ескертулеріне сәйкес түзетілген мәтінді алғаннан кейін редакция мақаланы рецензенттің қарауына екінші рет жібермей, оны жариялауға ұсыну мүмкіндігі бар.
  3. «Мақаланы қайта рецензиялауға жіберу» - бұл жағдайда мақала авторларға ескертулерді жою үшін жіберіледі. Түзетілген мәтінді алғаннан кейін редакция мақаланы рецензенттің қарауына екінші рет жібереді. Егер рецензенттің мақалаға елеулі ескертулері болған жағдайда, мақала үшінші рет рецензенттің қарауына жіберіледі. Үшінші ретінде елеусіз ескертулер болса, редакцияның шешімімен жариялауға ұсынылады немесе бұдан кейін де рецензенттің оң пікірі болмаса мақала редакция шешімімен одан әрі қайта қарау құқығынсыз қайтарылады.
  4. «Мақаланы қабылдамау» - бұл жағдайда, екінші рецензенттің пікірі оң болса, үшінші рецензентке жіберіледі. Егер де үшінші рецензенттің де пікірі теріс болса, редакцияның шешімімен қабылданбайды.

Редакцияның келесі отырысында пікірлер алынғаннан кейін алынған мақалалар туралы мәселе қаралады және рецензенттердің қорытындылары негізінде мақаланы жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылданады.

Мақаланы жариялау үшін баспаға дейінгі дайындау міндетті болып табылады және техникалық редакциялаудан тұрады, қабылданған форматтау стандарттары мен журналға мақалаларды жариялау ережелерінің сақталуын қадағалайды.  

         Мұрағаттау және қолжетімділік

«ОҚМПУ хабаршысы» журналының ресми сайтында (https://vestnik.okmpu.kz) оның мазмұны мен толық мәтініне қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл дүниежүзілік ғылыми қауымдастық ауқымындағы қолжетімділікті жақсарта түсетіні анық. Сонымен қатар журналдың сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журналдың қызметі туралы қажетті барлық ақпараттар көрсетілген: жариялау шарттары, қолжазбаларды рәсімдеу және журналға ұсыну ережелері қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жарияланым этикасы, редакциялық алқа туралы мәліметтер, басылымның қызметкерлерімен байланыс орнату деректері ұсынылған.

Журналдың барлық оқырмандары мен авторлары басылымның ағымдағы электрондық нұсқаларымен және бұрынғы жылдардағы мұрағаттарымен толық таныса алады.