Журнал жайлы

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 2014 жылдың қыркүйегінен бастап «ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» ғылыми-әдістемелік журналын шығара бастағанын хабарлаймыз. Жылына 4 рет, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жарық көретін журнал Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде тіркеліп, 6.06.2014 ж. №14373-ж куәлігі берілген.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті атауының өзгеруіне байланысты «ОҚМПУ хабаршысы – Вестник ЮКГПУ» ғылыми-әдістемелік журналының  Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы  15.03.2018 ж. №16979-Ж куәлігі берілді.

Журналда Педагогика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеу нәтижелері жарияланып келеді. Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы мен алыс, жақын шетелдер.

Журналдың редакция алқасына қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді.         

Журнал авторлық басылымдардың ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар журналдың  сайтында  https://vestnik.okmpu.kz үш тілде толық мәтінді қол жетімділікте орналастырылады.

Журналдың мақсаты - педагогикалық жұмыстың маңызды мәселелерін ашатын кәсіби талқылау алаңы болу; фундаменталды және қолданбалы педагогика салаларында ғылыми коммуникация үшін ортақ кеңістікті құру және қолдау; ғылыми топтар мен жекелеген авторлардың ғылыми-педагогикалық қауымдастыққа іргелі және қолданбалы педагогика саласындағы зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну.

Журналдың міндеттері:

  • Хабаршы авторларының ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелерін сауатты, сапалы және уақтылы жариялауда халықаралық және өңіраралық ғылыми-үйлестіру функцияларын қамтамасыз ету.
  • іргелі және қолданбалы педагогиканың түрлі салаларында елеулі маңызы бар жаңа ғылыми нәтижелерді жариялау.
  • магистранттардың, докторанттардың, практиктердің педагогика саласындағы өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер нәтижелерін кеңінен қамтуда ашықтық пен қол жетімді ортасын құру.
  • ғылыми және ғылыми-педагогикалық қауымдастықтың, сондай-ақ жас және жаңадан бастаған ғалымдардың журналға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, оған Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы, жақын және алыс шетелдегі педагогика қызметкерлерінің кәсіби сұраныстарына ие болу.

 * Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары мақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 1000 теңгеден толенеді.  Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында  төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына habarshy@okmpu.kz жібереді.