Өзге тілді мектептерде оқушының тілін дамытуда мақал-мәтелдерді қолдану тәжірибесі

Автор: 
  • БАЯМАНОВА Гүлден

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «филология және көптілді білім беру» институтының 2-курс магистранты

Алматы/Қазақстан

e-mail: guld.97@mail.ru

doi: 
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0031

 

Аңдатпа

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол – ғасырлар бойы халқымыздың ұқыптап сақтап келген тәжірибесінің жиынтығы, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан мұра. Мақал-мәтелдер көркемдік бейнелі сөз айшықтарымен әсерлі. Олардың айтуға оралымдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі мақал-мәтелдердің сапаларын анықтайды. Мақал-мәтелдер адамды сөз қадірін білуге, жақсы мен жаманды, қас пен досты айыра білуге, айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл болуға, сезімтал болуға, халық шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге баулиды. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған.

Кілт сөздер: мақал-мәтел, тәжірибе, мұра, тіл, сөз қадірі