«Ит» концептісінің паремиологиясын зерттеудегі тілдік-мәдени ерекшеліктерінің салыстырмалы-теңеулік анализі

Автор: 
  • КЕНЖЕБАЕВА А.Ж. - магистрант 2-курса Южно-Казахстанский государственный педагогический университет, Шымкент/Казахстан.
  • АБРАМОВА Г.И. - к.ф.н., доцент Южно-Казахстанский государственный педагогический университет, Шымкент/Казахстан.
doi: 
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0017

 

Аңдатпа. Осы мақалада қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «ИТ» концепциясының тілдік-мәдени ерекшеліктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылады. Мақала авторлары үш тілде ауызекі аталған концептінің қолданысындағы сипаттамаларындағы ортақ және қарама-қайшылықты элементтеріне мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестерден мысалдар келтіреді. Қорытынды сипаттамасы ретінде «ИТ» концептісіне адамдардың өздері беретін спецификалық ерекшеліктері, қарым-қатынасқа түсушілердің - адамдардың онымен тікелей ұқсастықтарына аса көңіл бөледі. Еңбектің тәжірбиелік маңыздылығы - орта білім оқушылары мен жоғары білім студенттерін оқытудағы лексикографикалық сөздіктерді жазу барысында, сонымен қатар этнолингвистикада, лингвомәдениеттануда, психолингвистикада және басқа салалас ғылымдардың оқу-педагогикалық үдерісі мен ғылыми салыстырмалы зерттеулерінде оның қорытындыларын қолдануға болатындығында жатыр.