Мектеп математика курсында Maple пакетін қолданудың ерекшеліктері

Автор: 
  • БАЙМАХАН Нұрсауле Мұратбекқызы - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 2-куpc магистранты, Шымкeнт/ Қазақстан.
  • ИБРАГИМОВ Раскул - п.ғ.д., қауым. профессор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Казахстан.
doi: 
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0020

 

Аңдатпа. Бұл мақалада мектеп математика курсында Maple пакетін қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Мектеп математика курсы негізгі математикалық түсініктер, идеялар мен принциптерден тұрады. Курс мазмұнының ғылыми сипаты мен зерттелген тақырыптардың абстрактілі сипаты бұл курсты сыныпта оқудың өзінде қиын етеді. Коронавирустық пандемияға қатысты қазіргі жағдай күндізгі оқытуды мүлдем жойып, қашықтықтан білім беруді өзекті етті. Оқушылардың өзіндік жұмысының үлесі күрт өсті. Бұл өте күрделі материалды оқып түсінуге кері ықпал етеді. Осыған байланысты Maple пакетін компьютерлік технология әдістемесі ретінде таңдау және оның мектеп математикасы курстарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың технологиялық мүмкіндіктері қарастырылып негізделген. Мақала авторлары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті негізінде мектеп математикасы курсы үшін Maple пакетін қолданып оқыту технологиясын әзірледі. Бұл оқыту әдістемесі мектеп математикасы курсын оқуда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға бағытталған. Мектеп математика курсының кей есептерін Maple пакетін қолданып шығару мысал ретінде көрсетілген. Мектепте математика курсын оқыту міндеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, Maple пакетінің көмегімен оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру технологияларының мүмкіндіктері мен артықшылықтары жан-жақты қарастырылған.