БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор: 

МҰСАБЕКОВА Г.Т.- п.ғ.д., профессор,Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан,ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3727-7682 , e-mail:gulnar.hanum22@mail.ru

doi: 
https://doi.org/10.58937/2023-2-1

Аңдатпа. Мақалада зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жүргізілген, шетел және отандық ғалымдардың зерттелетін мәселенің негізгі ұғымдарына берген анықтамалары талданған, автор "болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметіне құндылық қатынасын қалыптастыру" ұғымына анықтама берген, оның мәні мен компоненттерінің құрамын ашқан. Педагогикалық жоғары оқу орындары оқытушыларының тәжірибесін және жалпы орта білім беретін
мектептер мұғалімдерінің жұмысын талдау нәтижесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметіне құндылық қатынасын қалыптастыру моделі құрылған. Модель 5 блоктан тұрады: тұжырымдамалық, мақсатты, мазмұндық-іс-әрекеттік, бағалау, нәтижелі блок. Болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық қызметке құндылық қатынасының құрылымы төмендегідей компоненттерге бөлінген: құндылық - мотивациялық; когнитивтік-операциялық; ұйымдастырушылық – іс-әрекеттік; рефлексивтік-бағалау; эмоционалдык-ерікті. Мақалада болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметіне құндылық қатынасын қалыптастыру процесін ұйымдастыру принциптері анықталған. Болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметіне құндылық қатынасын қалыптастыру әдістемесі жасалған. Сондай-ақ, педагогикалық эксперименттің нәтижелері көрсетілген, нәтижелерді сапалы және сандық өңдеу жүзеге асырылған. Эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттердің кәсіби қызметіне құндылық қатынастарының әр компонентінің орташа көрсеткіштері
(эксперименттің анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдерінің нәтижелері) берілген.Зерттеу бойынша қорытынды жасалған, ұсыныстар берілген.
Кілт сөздер: болашақ мұғалім, кәсіби қызмет, құндылық қатынас, ЖОО, қалыптастыру