БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ МЕКТЕПТЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ

Автор: 

МҰСАБЕКОВА Г. Т. – п.ғ.д., проффессор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Казахстан, ORCID:https://orcid.org/0000-0002-3727-7682, e-mail:gulnar.hanum22@mail.ru

doi: 
https://doi.org/10.58937/2023-2-2

Аңдатпа.Студенттердің педагогикалық университетте әртүрлі пәндер бойынша оқу процесінде алған ғылыми-теориялық білімдерінің байланысы туралы айтылған, бірақ олардың кәсіби іс-әрекеті процесінде оқытушының студенттермен шығармашылық қарым-қатынасы туралы аз жазылған. Мақалада қарастырылып отырған мәселе бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері талданған. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы оқытушы қызметінің жүйелік-функционалдық моделі берілген. Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру критерийлері, көрсеткіштері, деңгейлері берілген. Тәжірибелік бөлімінде студенттердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістемесі ұсынылған. Бұл модель болашақ мұғалімдердің тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін одан әрі жетілдіру мен өзбетінше дамытуды көздейді. Жоғары курс студенттеріне "Заманауи мектептегі болашақ мұғалімнің шығармашылық қызметі" атты элективті курс ұсынылған. Арнайы курс 45 сағатқа есептелген, оның ішінде: дәрістер - 15 сағат, семинарлар — 15 сағат, практикалық сабақтар - 15 сағат. Мектепте болашақ мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру мәселесі әлі де жеткілікті зерттелмегенін айта кету керек. Сонымен, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу процесін талдау бұл мәселеге тиісті көңіл бөлінбегендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты – болашақ мұғалімдердің мектептегі шығармашылық іс-әрекетке дайындық деңгейін анықтау және
оның авторлық әдістемемен орындалуын қамтамасыз ету.
Кілт сөздер: шығармашылық, шығармашылық белсенділік, болашақ мұғалім, шығармашылық әрекет, шығармашылық әрекетке дайындау.