ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПӘНДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ

Автор: 

БИТЕМИРОВА А.Е.- х.ғ.к., доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан,
ORCID:https://orcid.org/0000-0002-7124-0277 e-mail: bitemirova1960@mail.ru
БЕКЕЕВА Н.Н.- магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан.
ORCID:https://orcid.org/0009-0009-3523-5815 e-mail: nurila_bekeeva@mail.ru,
ӘМІРБЕК А.- магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан,
ORCID:https://orcid.org/0009-0003-6556-4915 e-mail: ayauamirbek@mail.ru

doi: 
https://doi.org/10.58937/2023-2-8

Аңдатпа. Мақала химия және химия-биология білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттерге алифатты қосылыстардың органикалық химиясы пәнінен жаттығулар арқылы пәндік құзіреттілікттерін арттырудың өзекті мәселелерін қарастыруға арналған. Жұмыста алифатты қосылыстардың органикалық химиясынан дайындалған әртүрлі жаттығулар арқылы университеттегі химиябиология бакалаврларының сабақ үлгерімі деңгейіне тигізер ықпалы анықталды. Білім беру процесінде пәндік
құзіреттіліктерін арттыру үшін білімді, сауатты тұлғаны қалыптастыруда әртүрлі жаттығулардың маңызы зор екндігі дәлелденген. Химия пәніне деген қызығушылық пен өзін-өзі дамыту қабілетінің деңгейін анықтау үшін білім алушыларға сауалнама жүргізілген, олардың инновациялық педагогикалық технологиялар туралы, жаттығулар мен есептерді пайдаланудың және оны дамыту процесінің мәні қарастырылған. Диен номенклатурасындағы жіберілетін типтік қателіктер анықталып көрсетілген. Студенттердің теориялық
білімдерін есептер және жаттығулар арқылы оқытуды талдау барысында сандық технологияның quizizz бағдарламасы арқылы дайындалған тест тапсырмалары қолданылған. Сабақ соңында кері байланыс үшін бағдаршам әдісі пайдаланылған. Химияны оқыту барысында есептер мен жаттығуларды ұтымды дайындау әдістерін пайдаланып оқыту, оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыратындығын, болашақ химия педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамытуда негізгі фактор болып табылатындығын көруге болады.
Кілт сөздер: жаттығулар дайындау әдісі, алифатты қосылыстар, пәндік құзіреттіліктер, номенклатура, изомерия, проблемалық оқыту технологиясы