ХИМИЯ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ

Автор: 

ШАҒРАЕВА Б.Б.- х.ғ.к., доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан, ORCID-https://orcid.org/0000-0002-9606-8709,
e-mail:bibi-0305@mail.ru
ТУРҒУНБАЕВА Д.Н.-магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан, ORCID-https://orcid.org/0009-0009-7259-1405 ,
e-mail:dariyanurjankyzy@gmail.com
СМАИЛОВА Л.А.-магисттрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан,ORCID-https://orcid.org/0009-0003-8306-4949,
e-mail:smailova.laura01@gmail.com

doi: 
2023-1-2

Аңдатпа. Өркениеттің пайда болуынан бастап адамдар әртүрлі мәселелерді шешудің және өз мақсаттарына жетудің жаңа жолдарын табуға тырысып келуде. Шығармашылық ойлау әрқашан осы ізденістің алдыңғы қатарында болды, өйткені ол мәселелердің жаңа шешімдерін табуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада химия сабақтарында шығармашылық ойлауды дамытуға арналған пайдалы бірнеше технологиялық әдістер қарастырылады. Атап айтқанда, ментальды карталар, блум текшесі, синектика және әртүрлі
мәселелерді шешуді талқылаймыз. Бұл әдістердің әрқайсысы шығармашылық ойлауды дамыту үшін пайдалы болып табылады және оларды бір-бірімен біріккен түрде немесе жеке қолдануға болады. Шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал ететін технологияның әртүрлі қол жетімді әдістерін түсіну арқылы оқушылар инновациялық идеяларды жақсырақ дамыта алады. Мақала материалдары, мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауын дамыту үшін жұмыс істейтін немесе осы бағытта жұмыс істеуді жоспарлайтын химия мұғалімдеріне пайдалы болуы мүмкін. Шығармашылық ойлауды дамыту технологиясының әдістерін пәндік салаға қарамастан басқа сабақтарда қолдануға болады. Шығармашылық ойлау қабілеті жақсы дамыған бала кез келген ортада өзін жақсы көрсетеде алады. Кез келген сұрақтарға бір емес бірнеше жауап нұсқаларын ұсына алатын болады. Жәнеде заттарды құбылыстарды салыстыра, талдай алатын болады. Шығармашылық ісәрекет жоғары сынып оқушысының тұлғасын дамытады, тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіруге, өмірлік құндылықтарды түсінуге көмектеседі. Егер тапсырма интеллектуалды қиындықтарды қамтыса, рефлексияны қажет етсе, ішкі және пәнаралық сипаттағы себеп-салдарлық байланыстар орнатса, жаңа білімдерді, оны
шешудің жолдары мен тәсілдерін жаңа ерекше, стандартты емес жағдайларда іздеуге итермелесе қызығушылық тудырса онда бұл оқуышалрдың шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырма түріне жатады. Тапсырмалар негізгі курстың бағдарламасымен, сабақ уақытымен, оқушылардың химия және сабақтас пәндер бойынша білім деңгейімен байланысты ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі сабақтардан ерекше болуы керек.
Тірек сөздер: шығармашылық, химия, ментальды карта, синектика, Блум текшесі, жаңа технологиялар