АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІН АРАЛАС ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Автор: 

ЮСУПОВА Д.Х.- магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан,ORCID-0000-0002-8624-5409, е-mail:dana_yusupova00@mail.ru
ХАСИМБЕКОВА У. М.- магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан, ORCID-0000-0002-9896-3117, е-mail:umida.khassimbekova@mail.ru
МӘДІБЕКОВА Ғ. М.- х.ғ.к., доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан, ORCID-0000-0002-1970-8143, е-mail:@galiya56@list.ru

doi: 
2023-1-3

Аңдатпа. Мақалада аналитикалық химия пәнін заманауи аралас оқыту технологиясымен оқытуда АКТ құралдары қолданылып өткізілген дәріс жоспары қарастырылған. Аралас оқыту технологиясы арқылы тұлғаның танымдық процестерін, ойлау қабілеттерін дамытуға және шығармашылық қажеттіліктерін арттыруға бағытталған инновациялық әдістер (ойлар, идеялар) келтірілген. Дұрыс таңдалған стратегия ішкі интелекттің даму процесін жақсартуға және өзін-өзі тануды жетілдіруге мүмкіндік береді, өткен
материалды қорытындылауға және жаңа тақырып, алдыңғы тақырып, үй тапсырмасы және т.б. білімалушыларға қаншалықты түсінікті болғанын анықтауға көмектеседі.Жаңа білім беру үрдісіне сай заманауи оқыту технологияларын аналитикалық химияның сапалық анализ курсында төңкерілген сынып оқыту технологиясы келтірілген. Төңкерілген сынып оқыту технологиясының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы, басты артықшылықтары, ерекшеліктері көрсетілген.Сабақ барысында оқу үрдісін ұйымдастыру,
білімалушылардың танымдық іс-әрекетін басқару, практикалық дағдыларға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында заманауи педагогикалық технологиялар, оның ішінде цифрлық технологиялар пайдаланылды. Білімалушылардың үлгерімдік деңгейін анықтау үшін сабақ соңында «Kahoot» платформасы негізінде тест тапсырмалары беріліп, нәтижелер диаграмма түрінде келтірілді. Сабақ барысын талдау арқылы қорытынды жасалды: аралас оқытуда цифрлық технологияларды пайдалану ұтымды нәтиже берді, білімалушылардың танымдық белсенділігі, қабілеттерінің жоғарылағаны байқалды. Аналитикалық химияның сапалық анализ курсында жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтарға мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, «төңкерілген сынып» әдісі бойынша аралас оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу болашақ мұғалімдердің қабілеттерін шыңдауға жол ашады.
Тірек сөздер: заманауи оқыту технологиялары, төңкерілген сынып (Flipped classroom, перевернутый класс) технологиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.