ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Автор: 

КЕРИМБАЕВА К.З. - тех.ғ.к., доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан, ORCID:0000-0001-8902-9958, e-mail:kulyash_62@mail.ru
ТОЛЫМБЕК Н.Р. - магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, ORCID:0000-0001-7979-8219, e-mail:tolymbekovva@mail.ru
ТУЛЕГЕНОВА А.Б. - мұғалім, №29 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар/Қазақстан, ORCID:0000-0002-6515-8845, e-mail:world_gabit@mail.ru

doi: 
2023-1-5

Аңдатпа. Мақалада қазіргі кездегі химия пәні мен білім сапасын арттыру, оқушылардың жеке тұлғалық дамуын арттыру мақсатында жаңа құндылықтарды анықтауға байланысты мәселелерді, оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтары мен ынтасын оятатын оқыту стратегияларының мәселелері қарастырылған. Заман талабына сай келетін жаңа қол жетімді ақпараттармен білім беру саласындағы тың деректермен оқушылардың назарын білімге, ғылымға шақыруда көптеген нысаналар мен қол жетімді құрылғылар білім алушыларға деген үлкен сенімділікпен ортаға шығаруда. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, пәнді тәжірибеде пайдалана отырып, интерактивті оқытуға басты назар қоюда. Сондықтан біздің мақсатымыз – ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен байланысты интерактивті оқытудың ерекшеліктеріне және пәннің қызықтырақ өтуіне ықпал ететін, сондай-ақ білім алушылардың зейінін ашатын презентацияларға негізделген химияның интерактивті курсын құрастыру. Біздің жұмысымыздың басы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың теориялық негіздерін жасауға арналған бастапқы зерттеулерге шолу жасаудан тұрды. Әрі қарай, біз интерактивті әдістрді қолдану мүмкіндігін көрсететін кейбір әзірленген әдістемелік нұсқаларды ұсынамыз. Екінші кезеңде әртүрлі интерактивті химия оқу бағдарламаларына және Туркия мен Қазақстандағы химия оқу бағдарламаларын талдауға сәйкес, біз жалпы орта білім беретін мектептер үшін қызықты кірістірілген мазмұнда интерактивті оқу материалын әзірледік. Келесі қадамда барлық дайындалған материалдар сынақтан өткізіліп, химияны оқытуда пайдаланылған әдістер бір пішінге келді.
Тірек сөздер: АКТ,интерактивті, инновациялық технология, бағдарлама.