ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПӘН МЕН ТІЛДІ КІРІКТІРЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Автор: 

ҚОЗЫКЕЕВА Р.А.- т.ғ.к., доцент, Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық университететі, Шымкент/Қазақстан. ORCID:10.11.5520207821310. e-mail:kozykeeva@bk.ru

doi: 
2023-1-6

Аңдатпа. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану. Кіріктіре оқыту технологиясы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Жаңа оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері пайда болды. Ал білім беру мазмұнын жаңарту, оқытуды ұйымдастырудың түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Білім беруде жаңа CLIL технологиясын белсенді қолдану өте тиімді. Кіріктірілген технологияның тиімділігін анықтау мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізіліп, оқушылардың пәндік және тілдік білімдері анықталды. Яғни оқушытілменқатарпәндіқосамеңгереді. Жалпы химия пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқыту кезінде оқушылардың білімдері жақсы дамиды. Оқушылардың ағылшын тіліндегі химиялық сөздік қоры толығады. Оқушы химия сабағында ағылшын тілінде өз ойын ауызша оңай жеткізуі үшін, пәнге байланысты аудио және бейне таспаларды ағылшын тілінде көп қолданылса жақсы нәтижеге қол жеткізеді. CLIL технологиясын қолдана отырып оқытудың маңызы, ол оқыушылардың ағылшын тілін меңгеруіне де, химиялық білім алуға да, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға да көмектеседі.
Тірек сөздер: Химия пәні, кіріктіре оқыту, технология, әдіс-тәсілдер