Ж.АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ

Автор: 

МЫНБАЕВА А.П.– PhD, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан, ORCID:0000-0002-2204-8545, e-mail:mutlu_8484@mail. ru,
РУСТЕМОВА А. М.– магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент/Қазақстан, ORCID:https://orcid.org/0000-0003-0395-585, e-mail:arailym.rustemova@bk.ru,

doi: 
https://doi.org/10.58937/2022-4-2

Аңдатпа. ХХ ғасырдың аяғында лингвистикада лингвомәдени тұрғыдан оның
құрылымдық жүйесінен тыс тілді түсіндіруді қажет ететін көптеген фактілер пайда болды.
Біздің ойымызша, оның пайда болу себебін жаһандану процесіне қарсы туындайтын
келіспеушіліктің қалыптасуымен түсіндіруге болады. Тіл мен мәдениет бір-бірімен тығыз
байланысты, тіл мәдениетте пайда болады, дамиды және мәдениеттің тасымалдаушысы
болып табылады деген идея осы бағыттағы негізгі ұстаным ретінде қабылданды және 20
ғасырдың басында осы идеяға негізделген жаңа ғылым пайда болды. Мақалада Ж.Аймауытов
шығармаларының көркемдік ерекшелігі және тілдік бірліктердің лингвомәдени сипаты
қарастырылады. Сонымен қатар ұлттық танымды білдіретін лингвомәдени бірліктерді
оқытудың маңызы мен оларды меңгерту жолдары анықталады. Бұл зерттеу жұмысы өз
жалғасын табады деген сенімдеміз. Көркем мәтіндермен жұмыс жасау студенттің
лингвистикалық және мәдени қабілеттерін жетілдіруге, оның циклдік білімін толықтыруға
ықпал етеді. Оның ішінде көркемдік ерекшеліктерге толы, лиризим әдісімен өрнектелген,
лингвомәдени бірліктерді көп қолданылған Ж.Аймауытов шығармалары әлі де зерттеу
нысанымыз болмақ.
Ж.Аймауытов шығармаларының лингвомәдени сипаты туралы аз ғана зерттеу
жұмыстары бар болғанмен, кешенді түрде зерттелмеген.
Тірек сөздер: Ж.Аймауытов шығармалары, көркем мәтін, лингвомәдениеттану, оқыту
әдістері, лингвомәдени бірліктер, көркемдік.