«ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС» ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Автор: 

ЕСНАЗАР А.Ж. - PhD, аға оқытушы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан, ORCID-https://orcid.org/0000-0002-8658-0135 email:asel.esnazar@mail.ru,

doi: 
https://doi.org/10.58937/2022-3-9

Аңдатпа. Мақалада «пәнаралық байланыс» ұғымының мәні мен құрылымы нақтыланады. Педагогикалық
процесте пәнаралық байланысты ұйымдастыру арқылы білім алушылардың дүниетанымын, диалектикалық
ойлау дағдыларын, танымдық белсенділігін қалыптастыру қазіргі білім беру жүйесінің ӛзекті зерттеу
мәселесі. Мақала авторы нормативтік құжаттарға сілтеме жасай отырып ӛзектілігін анықтады. Сондайақ, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдау барысында пәнаралық байланыс ұғымының
зерттеу жайы, оқу-тәрбие процесіндегі маңыздылығы, білім алушының дүниетанымдық кӛзқарасын
қалыптастырудағы рӛлі айқындалды. Ғалымдардың педагогикалық және әдістемелік ғылыми еңбектеріндегі
зерттеу объектісі пәнаралық байланыста оқытудың әртүрлі аспектілері, қызметтік функциялары
қарастырылды. Ғылыми әдебиеттерді зерттеуде ғылымилық, жүйелілік, пәнаралық ұстанымдарды негізге
алып, талдау, жинақтау, жалпылау әдістері қолданылды. Шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне талдау
жүргізу арқылы пәнаралық байланыс ұғымына контент-талдау жасалды. Сондай-ақ, STEM білім беру
жағдайында пәнаралық тапсырмаларды құрастыру жоларды қарастырылды. Педагогикалық процесте
пәнаралық байланысты ұйымдастырудың қызметі, түрлері, бағыты, әдіс-тәсілдері айқындалып, пәнаралық
байланысты жүзеге асыру барысында педагогтың қызметіндегі негізгі бағыттары ұсынылды. Зерттеу
нәтижесінде «пәнаралық байланыс» ұғымына авторлық анықтама берілді, «пәнаралық байланыс» ұғымының
құрылымын анықтау барысында танымдық, әдістемелік, мазмұндық компоненттері нақтыланды.
Тірек сӛздер: пәнаралық байланыс, пәнішілік байланыс, интеграция, метапән, байланыс, дүниетаным.