ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМҚАТЫНАС МҮМКІНДІКТЕРІН РОЛЬДІК-СЮЖЕТТІК ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Автор: 

ОРЫНБАЕВА А.Б. - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасының магистранты, Шымкент, Қазақстан,
ORCID- https://orcid.org/0000-0002-2355-1919 e-mail: Assel.batyr21@mail.ru
БОРАНБАЕВА А.Р. - Ғылыми жетекші, философия докторы (PhD), доцент м.а., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасы, Шымкент, Қазақстан, ORCID- https://orcid.org/0000-0001-6256-6999 e-mail: Aktolkyn81@mail.ru

doi: 
https://doi.org/10.58937/2022-3-8

Аңдатпа. Мақалада мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған және естімейтін балалардың ойын
әрекетінің ерекшеліктері кӛрсетілген, дамуы қалыпты балалар мен есту қабілеті бұзылған және мүлде
естімейтін балалардың ойын әрекеті салыстырылып, негізгі ерекшеліктеріне байланысты ойын әрекетін
ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Олардың әлеуметтенуі, вербалды қарым-қатынасқа түсу
дағдыларын меңгеруі үшін рольдік ойындардың маңызы мен пайдасы атап кӛрсетілген, рольдік ойындарға
үйретудің және ойын әрекеті кезінде дамыту тәсілдері сараланған. Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті
бұзылған балалардың модульдік тәсілді пайдалана отырып, рӛлдік ойын арқылы коммуникативтік және
сӛйлеу құзыреттілігін тиімді қалыптастыруға жағдай жасайтын түзету-дамыту жұмысының үлгісі
қарастырылады. Есту қабілеті бұзылған балалардың жалпы, ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін,
қажеттіліктерін ескере отырып, түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың қажеттілігі негізделеді.
Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы есту қабілеті бұзылған балалардың коммуникативті және сӛйлеу
тілін дамыту мақсатында сюжеттік-рӛлдік ойынын ұйымдастыру ерекшеліктері ашылды. Модульдік тәсілді
қолданып рольдік ойындарды ұйымдастырудың ерекше әдіс-тәсілдері қарастырылған, модульдік тәсілді
қолданудың нәтижесінде меңгерілген дағдыларды саралап, жасалған қалыптастыру экспериментінің
нәтижелерімен бӛлісілді, кӛрсетілген нәтижелер модульдік тәсілдің нәтижелілігін кӛрсетеді.
Тірек сӛздер: есту қабілетінің бұзылуы, мектеп жасына дейінгі балалар, коммуникативті даму,
сӛйлеуді дамыту, рӛлдік ойын, модульдік тәсіл, вербалды қарым-қатынас.