ЖАЛПЫ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ

Автор: 

УМИРБАЕВА Д.- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
«Биология» кафедрасының магистранты, Шымкент,Қазақстан,
ORCID- https://orcid.org/0000-00031863-3773 e-mail: dsaetvakkasova@gmail.com,
РЫСБАЕВА Г.А.-,Ғылыми жетекші, б.ғ.к,Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
университеті, «Биология» кафедрасының доценті, Шымкент,Қазақстан,
ORCID- https://orcid.org/0000-0002-8889-3696 e-mail: Galiya732014@mail.ru
АБУБАКИРОВА А.А.- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
«Биология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Шымкент, Қазақстан,
ORCID- https://orcid.org/0000-0002-4696-0280 e-mail:azhar.baikal79@mail.ru.
УСПАБАЕВА А.А.- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
«Биология» кафедрасының доценті, Шымкент, Қазақстан,
ORCID- https://orcid.org/ 0000-0003-3967-104Х e-mail: uspabaeva73@mail.ru

doi: 
https://doi.org/10.58937/2022-3-4

Аңдатпа.Мақалада мектеп оқушыларының жалпы биология сабағына қызығушылығын арттырудың
бір жолы ретінде қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері қарастырылды. Мектептің
оқу-тәрбие үрдісінде компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігі Шымкент қаласының 59 орта
жалпы білім беретін мектеп базасында жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың
нәтижелерін талдау бойынша қорытындылар жасалды.
Компьютерлік технологияларды қолданудың биологияны оқытуда тиімділігін анықтау мақсатында
тәжірибеде зерттеу мақсаты бойынша екі әртүрлі 10-шы сыныптың оқушылары тәжірибелік сынып,
екіншісі бақылау үшін алынды. Оқушылардың саны екі топта да бірыңғай жиырма тұлғадан тұрды.
Тәжірибелік сыныптағы биология тапсырмаларында АКТ қолданылса, ал бақылау сыныбында тапсырмалар
дәстүрлі оқыту әдістерін қолданумен жүргізілді. Биология пәніне ақпараттық технологияның ресурстарын
дәл, бағдарламалық, ақпараттық, және тағы басқа түрде тӛрт жағдайда: білімді бақылау құралы;
эксперименттерді жүргізу нәтижеге қол жеткізу: виртуалды зертханалық сабақтар; мультимедиялық
технологиялар; дербес оқытуға арналған дербес планшеттер мен компьютерлер ұсынылу арқылы орын алды.
Тәжірибелік сыныпта білім сапасы соңғы алынған тестілеу және ӛзіндік жұмыс нәтижелері бағалаудың
90% - ға дейін артқанын, ал дәстүрлі сыныпта білім деңгейі бастапқыдай ӛзгеріссіз қалғанын зерттеу
нәтижесі кӛрсетті.
Сондықтанда, Биология сабақтарында білімді оңтайландыру үшін -виртуалды экскурсиялар, виртуалды
зертханалық жұмыстар, мультимедиялық презентациялар қолдану тиімді оқытудың сандық кӛрсеткішін
арттыруға мол мүмкіндік береді, бұл алдағы уақытта білім алушының мамандыққа деген қызығушылығын
арттырады.
Тірек сӛздер: компьютерлік технология, мектептегі білім, биология, тәжірибе, білім сапасы.