АШУ ПРОЦЕСІ НЕГІЗІНДЕ ДАЙЫНДАЛАТЫН СУСЫНДАРДЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ, БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУЛЕРІН МЕДИАТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІМЕН ОҚЫТУ

Автор: 

ЖАППАРБЕРГЕНОВА Э.Б. - б.ғ.к., доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан,
ORCID-https://orcid.org/0000-0002-0252-3767?lang=ru e-mail:elmirazhaffar@mail.ru
ЖҰПАРБЕК Ә.Е.- магистранОңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
университеті, т, Шымкент, Қазақстан ORCID-https://orcid.org/0000-0001-7866-2547
e-mail:aselzhuparbek@gmail.com
ЖАНДАРБАЕВА С.Қ.- магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
университеті, Шымкент, Қазақстан, ORCID-https://orcid.org/0000-0003-1118-2260
e-mail:zhandarbayeva@inbox.ru
МУСАБЕКОВ А.Т. - PhD, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент, Қазақстан, ORCID-https://orcid.org/0000-0001-8597-6499
e-mail:mussabekov.aidos@okmpu.kz

doi: 
https://doi.org/10.58937/2022-3-1

Аңдатпа. Ғылыми мақалада ашыту ӛндірісіне негізделген сусындарды, атап айтқанда, асханалық
шарап пен шұбатты дайындаудың биотехнологиялық әдістерін зерттеу бойынша тәжірибелердің
нәтижелері берілген. Сонымен қатар, осы сусындардың жергілікті штаммдары анықталып,
микропрепараттардың микрофототүсірілімдері ұсынылып, морфоцитологиялық ерекшеліктері зерттелді.
Сонымен бірге, мақалада «Микробиология», «Биотехнология» пәндерін оқытуда заманауи
медиатехнология әдістемелері пайдаланған, атап айтқанда Jamboard, WordWall бағдарламалары.
Атап айтқанда, осы ғылыми мақалада республиканың оңтүстік ӛңіріндегі тӛмен алкогольді
сусындарды (асханалық шарап және шұбат) ашыту процесі бойынша материалдар базасында ақпараттық
және компьютерлік технологияларды қолдану нәтижелері келтірілген. Оқыту жүйесіне медиа
технологияларды енгізу процесінде әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қарастырады.
Бұл жұмыста Jamboard, WordWall бағдарламалары таңдалып, олар осы бағыттағы жарқын және
сұранысқа ие ӛнімдер қатарына жатады. Бұл компьютерлік ӛнімді таңдау факторларының маңызды әрі
басты себебі - оларды микробиологиялық, биотехнологиялық процестерге енгізу мүмкіндігі болып табылған.
Аталған компьютерлік бағдарламалар ашытылған сусындар ӛндірісін үнемі бақылауға мүмкіндік бере
отырып, сонымен қатар, биотехнологиялық процестің негізгі кезеңдерін талдауды, зертханалық микроскопия
негізінде микробтық зерттеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Jamboard компьютерлік бағдарламасы
негізінде жүйелі оқытылатын материалды бір слайд форматында ұсыну мүмкіндіктері жанжақты
қарастырылып, нәтижелері берілген.
Тірек сӛздер: асханалық шарап, штамм, шұбат сусыны, биотехнология, сүт қышқыл микрофлорa,
микробиологиялық білім беру, медиатехнология, жаңартылған білім беру, Jamboard, WordWall.