Мектеп математика курсы бойынша оқушылардың жобалық қызметі

Автор: 
  • ИБРАГИМОВ Раскул - п.ғ.д., доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. Шымкент/Қазақстан. e-mail: raskul1953@mail.ru
  •  
  • ИБИНОВА Жаксыгул Пулатбекхужакызы - магистрант, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. Шымкент/Қазақстан. e-mail: ibinovaz@bk.ru
     
doi: 
DOI: 10.47751/skspu-1937-0038

Аңдатпа

Бұл мақалада орта мектеп математика курсын оқытуда оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру әдістемесі баяндалады. Қазіргі таңда мұғалім міндеті оқушылардың бойында жүйелі білім қалыптастырып қана қоймай, меңгерілген білім мен іскерлікті тәжірибеде қолдануды, тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасауды да үйретуге бағытталған. Оқушылардың жобалау жұмыстарын ұйымдастыру психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан сауатты ғылыми тәсіл болып табылады. Зерттеудің өзектілігі мектептегі білім беру саласында анықталған қайшылықтармен расталады. Бұл оқушылардың жобалық іс-әрекетін жүзеге асыруда дамитын іскерліктерін қалыптастыру қажеттілігі мен әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерде осы материалдың жеткілікті деңгейде жариялануының арасындағы қарама-қайшылықтар. Соңғы он жылда жалпы педагогикалық технология ретінде жобалау әдісі көптеген зерттеулердің пәніне айналып жатыр. Зерттеу әдістері: педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, жобалық қызметті ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу және осы әзірлемені тікелей іске асыру үшін теориялық әдістер, әзірленген әдістемені енгізу барысында алынған мәліметтерді өңдеуге арналған математикалық әдістер. Зерттеудің нәтижесі мен болжамы: егер орта мектеп математика курсын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі теориялық тұрғыдан негізделіп, оны пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалса, онда оқыту үдерісінде оқушылардың білім сапасының артуына мол мүмкіндік туады. Ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға негіз болады.

Кілттік сөздер: оқыту, жобалау әдісі, жобалық жұмыс құрылымы, әдістеме, математика мұғалімдерін даярлау.