«Айқап» журналының тәрбиелік мәні

Автор: 
  • ЫСЫРАЙЫЛ Ұлжалғас - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Жол-көлік колледжі Шымкент/Қазақстан.
doi: 
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0021

 

Аңдатпа. «Айқап» журналы туралы толғамды ойлар мен бүгiнде баспа бетiнде жарыққа шығып жүрген кейбiр ой салар дәнеңесі жоқ газет-журналдар тiлге тиек етiлді. Газет-журналдар халықтың мұңы мен жоғын, шырылдатар шындықты жазу керектiгiн, сонда ғана бүгінгі күнде дәріптелуi аз «Айқап» журналындай өз дәрежесiн қазақ баспасөзiнде ойып орын алары даусыз-ақ белгілі екендігі айғақталды.  Ұрпақ тәрбиесiнде, жеке тұлғаны қалыптастыру, iзгiлендіру, дамытуда да «Айқап» журналы  алтын көпiр болары сөзсiз.  Бiрiншi кезекте, сол алтын көпiрді байланыстырушы педагогика саласының бiмгер ұстаздары екені белгілі. «Өткенiн зерделемеген халықтың болашағы бұлыңғыр»  демекшi, өткенiмiз, мәдениетiмiз, әдебиетiмiз туралы, елдiк жолында күрескен қазақ жанашырларының әрбiр дәйектi сөздерiнен, тарихымыздың ақтаңдақ беттерiнен сыр шертетiн - ХХ ғасырдың басындағы баспасөздi, «Айқап» журналын студенттерге дәрiптеп, өткенi мен бүгiнгiсiн ұштастыра бiлетiн саналы ұрпақ тәрбиелеу жайлы, осы баспасөздiң заңды жалғасы болған  бүгiнгi газет-журналдарды сыныптан тыс жұмыстарда студенттердiң оқу-танымдық қызығушылығын оята отырып, оқуға шақыру тұрғысында сөз қозғалады.